Жастар және діни экстремизмнің мәселелері

Қазіргі терроризм бірін-бірі толықтыратын процестер кешенінен тұратын күрделі жүйені білдіреді. Терроризмнің пайда болуы мен таралуы белгілі бір тарихи алғышарттарға ие және ішкі экономикалық, саяси, әлеуметтік, ұлтаралық, конфессиялық қайшылықтармен, сондай-ақ сыртқы, соның ішінде бүкіл әлемдік қоғамдастыққа ортақ террористік қауіптермен байланысты.

Террористік актілердің алдын алу, патриотизмді қалыптастыру, зорлық-зомбылыққа, терроризмге және экстремизмге қарсы тәрбиелеу бойынша профилактикалық жұмыс мақсатында ПО-7 тобында  діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу үшін  дәріс өткізді.

Дәрістің мақсаты – ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайту, сондай-ақ жастар ортасында түрлі қақтығыстардың алдын алу.

Іс-шара спикерлері кездесуге қатысушыларға дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтары туралы айтып, тыңдаушыларды заңнамалық актілермен, елдегі діни ахуалмен және интернет-кеңістіктегі ақпараттық жұмыс әдістерімен таныстырды.

Студенттер өз сөздерінде елдің нормативтік-құқықтық базасын атап өтіп, тыңдаушылардың назарын мемлекет пен діни ұйымдардың өзара қарым-қатынасы қағидаттарына, оларды іске асыру нысандарына аударды, сондай-ақ мемлекеттің зайырлы құрылымының жастары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтті.

Ақпаратты дайындаған тарих пәнінің оқытушысы:   Шектыбаева Л.Ф


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
195 queries