- admin
- 30.10.2025
- No Comments
- Жаңалықтар
2025 жылдың 30 қазанында Қостанай политехникалық жоғары колледжінде «Жастар ортасындағы заң мен тәртіп: алкогольді тұтынудың құқықтық салдары және заңға бағынушылық мінез-құлықтың негізі ретінде психикалық денсаулықты нығайту шаралары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара «Адал азамат» бағдарламасын жүзеге асыру және «Заң мен тәртіп» идеологемасын ілгерілету аясында ұйымдастырылды. Бұл бағыт жастардың құқықтық санасын тәрбиелеуге және студенттердің өз мінез-құлқына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға бағытталған.
Кездесудің мақсаты — студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, тәуелділіктің алдын алу және олардың жауапкершілікке негізделген, заңға бағынушылық мінез-құлқының негізі ретінде психологиялық тұрақтылығын нығайту.
Дөңгелек үстел жұмысына өңірдің жетекші мамандары қатысты:
- Аксенкина Я.В., Қостанай қаласы Полиция басқармасының ювеналды
полиция бөлімінің аға инспекторы;
- Бисимбаева Г.А., «Қостанай облыстық психикалық денсаулық орталығы» КМК психологы.
Спикерлер психоактивті заттар мен алкогольді қолданудың құқықтық салдары, тәуелді мінез-құлықтың алдын алу тәсілдері және заңға бағынушылық мінез-құлықты қалыптастыруда психикалық денсаулықтың маңызы туралы ақпарат берді.
Іс-шараға келесі топтардың студенттері қатысты: 1А-4, 1ЭС-25, 1Э-16, 1ХП-27, 1СТ-9, 1ТЗ-31, 1М-15, 1М-16, 2М-13, 2М-14, 2ХП-25, 2ХП-26.
Қатысушылар талқылауға белсенді араласып, мамандарға сұрақтар қойып, өз көзқарастарымен бөлісті.
Дөңгелек үстел жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, психологиялық тұрақтылықты нығайту және жеке жауапкершілік мәселелеріне саналы көзқарас қалыптастыру үшін тиімді алаңға айналды.
Қалқаман А.Қ., Жастар ісі жөніндегі комитеттің инспекторы #адал_азамат




