- admin
- 01.06.2026
- No Comments
- Жаңалықтар
2026 жылғы 12–20 маусым аралығында колледжде жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, зиянды әдеттердің алдын алу және студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында «Жаман әдет жастарға жат» атты сурет байқауы өтті.
Байқауға 1ЭС-25, 1Э-16, 1ПО-11, 1СИБ-1, 1СИБ-2, 1Б-8, 1Б-9, 1М-16 және 1М-15 топтарының студенттері белсенді қатысты. Қатысушылар зиянды әдеттерге деген теріс көзқарасты бейнелейтін, жастарды денсаулықты сақтауға, спортпен айналысуға және белсенді өмір салтын ұстануға шақыратын мазмұнды әрі әсерлі жұмыстар ұсынды.
Әрбір сурет өзіндік ерекшелігімен, шығармашылық көзқарасымен және әлеуметтік маңыздылығымен ерекшеленді. Көркем шығармашылық арқылы студенттер денсаулықты сақтаудың және өз болашағына жауапкершілікпен қараудың маңыздылығын көрсетті.
Осындай іс-шаралар жастардың дұрыс өмірлік құндылықтарын қалыптастыруға, азаматтық ұстанымын дамытуға және зиянды әдеттердің салдары туралы хабардарлығын арттыруға ықпал етеді.
Қалқаман А.Қ., Жастар ісі жөніндегі комитеттің инспекторы #адал_азамат



