- admin
- 05.02.2025
- No Comments
- Жаңалықтар
2025 жылғы 05 ақпанда Қостанай жоғары политехникалық колледжінде “Жақсы минез – сарқылмас байлық”тақырыбында кураторлық сағат өткізілді.
Іс-шараның мақсаты студенттерде жақсы әдеттерді, әдептілікті, белсенді өмірлік ұстанымды, кәсіби маңызды қасиеттерді және олардың қоғам өмірінің әртүрлі салаларында көрінуіне дайындықты қалыптастыру болып табылады.
Іс-шараға 3Б-2 тобының студенттері қатысты.
Іс-шара барысында бір-біріне деген құрмет пен сенімділікті қалыптастыруға, өз ойлары мен сезімдерін білдіре білуге бағытталған тренинг өткізілді.
Өткізілген іс-шара топқа оң жақсы әсер етті, топтың бірлігін дамытуға, сондай-ақ студенттер арасында сенімді қарым-қатынас орнатуға ықпал етті.

Ақпаратты 3Б-2 тобының жетекшісі Бейсенова Хамар Баязитқызы дайындады