«Үздік педагог» атағын беруге арналған республикалық конкурстың қорытындылары туралы

2022 жылғы 16 қарашада Республикалық комиссия «Үздік педагог» атағын беруге арналған конкурстың III кезеңін қорытындылады. Республикалық комиссия мүшелері конкурстық материалдарды «Үздік педагог» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 12 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы  Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 9 тамыздағы №355 бұйрығымен бекітілген Қағидаларға сәйкес бағалады.

         Экономикалық пәндер оқытушысы Жаннат Дусембиевна Контробаеваның жетістіктері жоғары деңгейде атап өтілді, ол – «Үздік педагог-2022» Республикалық байқауының жеңімпазы.

Конкурстың ІІІ кезеңінің «Үздік педагог» атағының иегеріне «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 5-тармағында белгіленген мөлшерде және тәртіппен сыйақы төленеді, сондай-ақ «Үздік педагог» куәлігі, «Білім беру ұйымының үздік педагогі» төсбелгісі табыс етіледі.

Қостанай жоғары политехникалық жоғары колледжінің ұжымы Жаннат Дусембиевнаны «Үздік педагог» байқауындағы жеңісімен шын жүректен құттықтайды және зор денсаулық, жемісті жұмыс, білім беру саласындағы жаңа бағыттарды одан әрі жетілдіру бойынша ойластырған жоспарларының әрі қарай да жүзеге асырыла беруін тілейді!

Материалды директордың ОӘЖ жөніндегі орынбасары Ж.Ш. Қайпбаева дайындады.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
170 queries