- admin
- 29.10.2019
- No Comments
- Жаңалықтар
2019 жылдың 28 қазанында Қостанай жоғары политехникалық колледжінде №2 Педагогикалық кеңесі өткізілді. Педагогикалық кеңесінің күн тәртібінде «Шығыс ғұламаларының ұлттық педагогикасы» қарастырылды.
Еліміздің педагогикалық қауымдастығы өкілдерінің алдында тамыздық конференцияда Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев былай деді: «Отандық білім беру жүйесінің үздік дәстүрлерін сақтай отырып, біз, бір орында тұрмауымыз керек.
Білім беру жүйесі үнемі ізденісте болу, әрдайым даму қажет».
Осы ойларды негіздей отырып, біз бірінші педагогикалық кеңесінің тақырыбын былай белгіледік: «Жаңа оқу жылының мейнстримі: бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауда отандық гуманистік педагогика мен заманауи ғылыми-инновациялық тәжірибесінің синтезі».
Отандық гуманистік педагогиканың негізін қалаушыларының бірі біздің жерлесіміз Ұлы ағартушы және еліміздің солтүстігінде білім беру жүйесін құраушы Ыбырай Алтынсарин. Оның гуманизмінің бастауы-өз халқына деген сүйіспеншілігі, өз ғұмырын ағарту ісіне арнау.
Бірінші педагогикалық кеңесін Ыбырай Алтынсариннің Мемориалдық мұражайында өткізу шешімі қабылданды, бұл тамаша педагогтың өмірінен сабақ алуды, сондай-ақ оның педагогикалық шеберлігінің құпияларына бет бұруға мүмкіндік береді. Педагогикалық кеңес оның туылған күнінен 175 жылдығы қарсаңында жаңартылған мемориалда, Ыбырай Алтынсариннің қабіріне гүл қоюмен аяқталды. Енді бұл сәулеті бойынша ғажайып көрікті кесене – Ұлы педагог және ағартушыға табыну орны.
Солай, отандық педагогика ғылымының күндерін өткізу бойынша жаңа дәстүр «туды».
Келесі педагогикалық кеңестерін төмендегі тақырыптарға арналуы шешілді:
– «Шығыс ғұламаларының ұлттық педагогикасы»,
– «Әбу Насыр Әл-Фарабидің педагогика, психология және философиялық мұрадағы әдістемесінің негіздері»,
– «Абай Құнанбаевтың адамгершілік тәрбиелеу педагогикасы»,
– «Қазақстанда бірінші «Педагогика» оқулығының құрушы –Мағжан Жұмабаев»,
– «Ғалым, қоғам қайраткері Жүсіпбек Аймауытов, оның отандық психологиялық ғылымының дамуына үлесі».
Дәстүрлерді сақтау маңыздылығы жайлы бізге ХХ жүзжылдықтың ғалымдары, әйгілі педагогтары еске салып отырды, соның ішінде В.А.Сухомлинский былай деді:
«Дәстүрлерді жасап, қамқор болу, оларды рухани мұрасы ретінде ұрпақтан ұрпаққа беру» – педагогикалық ұжымының маңызды міндеті.
Сонымен қатар, ол «үлкен өнер мен шеберлік, албырт жүрек және салқын даналық осы қазыналарды шашпау үшін, сонымен қатар болашақ ұрпақтың рухани өмірінде іскерлікпен қолдану үшін қажет; сонымен қатар қазына қоры үнемі жаңа құндылықтармен байытылуына қамқор жасау қажет».
Педагогикалық ғылымдарының екінші күні де өткізілді. Тарих пәнінің оқытушысы Шакирова Л.Ф. колледждің педагогикалық ұжымына «XI–XII ғасырдың түркі ойшылдары мен философтары Жүсіп Баласағұн және Ахмет Иүгінекидің мұрасы» атты тақырыбында баяндамасын ұсынды. Лейсан Филаридовна өз баяндамасында орта ғасырдың түркі философиялық-педагогикалық ойларының заманауи педагогикамен өзара байланысын көрсетті. Білім беру мақсаттарын қайта қарау және білім беруді ізгілендіруге заманауи бағыты заманауи педагогикалық ғылымының теориясында және тәжірибесінде олардың шығармашылық мұраларын бағалау және пайдалану мақсатында ұлы ғұлама-педагогтарының ойларын жаңа тұрғыдан ұғынуды талап етеді. Жүсіп Баласағұнның мұрасы түркі халықтар мәдениетінің келешекте дамуына зор үлесін тигізді. Жүсіп Баласағұн және Ахмет Иүгінеки бүгінгі күні құндылығын жоғалтпаған жалпы адами, адамгершілік қағидаларын зерттеді. Осы қағидаларға сүйене отырып, біз қазіргі заманның ұрпағын тәрбиелеуіміз қажет.
Бірінші мәселе қаралғаннан кейін педагогикалық кеңесінің қатысушылары бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауда инновациялық тәсілдерді іске асыруға бағытталған күн тәртібінің төмендегі мәселелерін талқылауға көшті. Биылғы оқу жылында ұжым кәсіпқой түлектерді даярлау мақсатымен заманауи зертханаларды құруға және оларды қызметінің сапасын арттыруға қолдану жұмысын жалғастыруда.
Материалды Қостанай жоғары политехникалық колледжі директорының ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Кайпбаева Ж.Ш. дайындады