- admin
- 13.02.2018
- No Comments
- Жаңалықтар
2018 жылдың 7 ақпан күні колледжде «Заң және балалар» тақырыбында кураторлық сағат болып өтті. Аталған іс-шараның мақсаты қоғам өмірін реттейтін ережелер туралы білімдерін қалыптастыру, өз қылықтарына деген жауапкершілік сезімдерін тәрбиелеу, заңға құрметпен қарауға баулу болды. Аталған іс-шараға колледждің студенттері, оқытушылары, писхолог, инспектор Р.Б.Онкаева қатысты.
Студенттер ҚР Әкімшілік және Қылмыстық кодексінің негізгі баптарымен таныстырылды. Білім алушыларға қай жастан қылмыстық жауапкершілік атқаратыны, қандай құқық бұзушылықтарын жасөсірімдер жасайтыны және сол құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасаған үшін қандай жазалау шаралары бар екенін түсіндіріп берілді. Студенттерге қылмыс құрбаны болмауға немесе оны жасауға қатысты болмау бойынша кеңестер мен ұсыныстар берілді.
Іс-шараның қатысушылары «Сұрақ-жауап» сұхбат алаңының жұмысына белсене ат салысты: құқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде сұрақтар қойды, күнделікті өмірден алынған жағдаттар талданды.
Ақпаратты колледждің әлеуметтік педагогы Танкиева Зинаида Бексултановна дайындады