«Құқықтық сауаттылық –заман талабы»

Білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, Ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру мақсатында Қостанай жоғары политехникалық колледжінің ХП-19 тобында  «Құқықтық сауаттылық –заман талабы» атты тақырыбында әңгімелесу өтті. Әңгімелесу барысында құқық бұзушылық, қылмыс, тәртіп, тәрбие туралы көп ақпараттар айттылды. Студенттерге құқық бұзушылықтың түсінігі, белгілері мен түрлері, құқық бұзушылықтар үшін заңмен тиісінше әкімшілік, азаматтық құқықтық, тәртіптік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылатыны жайлы мағұлмат берілді.

Отбасы және колледжде жақсы қасиеттерді бойға сіңіріп, тәрбиелі, мәдениетті, білімді адам болуға ұмтылуымыз керек. Құқықтық сауатсыздық, яғни өз құқы мен міндетін білмей, басқаның құқын сыйламаудың кесірінен көптеген келеңсіз жағдайларға кезігіп отырмыз. Осы орайда қылмыстың қоғамдағы зияны мен адам тағдырын адастыратын іс екенін әрқайсымыз жете түсінуге тиіспіз. Олай болса құқықтық тәрбие мен құқықтық мәдениетті санаға сіңіріп, өзімізді және қасымыздағы адамдардың жеке басын қадірлеп, құрметтейік.

Ақпаратты дайындаған: ХП-19 тобының кураторы Каркинбаева Г.А.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
170 queries