Құқық борзушылықтың алдын алу бойынша кураторлық сағаттар

16-17 қыркүйек аралығында Қостанай политехникалық жоғары колледжінде 1-3 курс студенттері арасында құқық бұзушылықтың алдын алу тақырыбында кураторлық сағаттар өткізілді.

Іс-шараның басты мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және жауапкершілікті қалыптастыру.

Тәрбие сағаттары кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі аға инспектор Р.Б. Кендирбаеваның қатысуымен өтті. Ол студенттерге әртүрлі заңсыз әрекеттер үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы толық мәлімет берді. Әңгіме барысында маңызды тақырыптар талқыланды: жол жүру ережелері және оның жаяу жүргіншілер мен жүргізушілер үшін салдары, буллинг пен кибербуллинг, интернет-алаяқтық, жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстар, есірткі заттарын тұтынудың алдын алу және олардың заңсыз айналымы үшін жауапкершілік, бопсалау және тонау, сондай-ақ терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама. Инспектор «әзілдің» де ауыр құқықтық салдары болатынын түсіндірді. Іс-шара ашық диалог форматында өтті, студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын белсенді қойды. Мұндай профилактикалық кездесулер жастарға саналы шешімдер қабылдауға және болашағына әсер ететін қателіктерді болдырмауға көмектеседі.

Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.Қ. Дюсекеева

#адал_азамат


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

175 queries