WorldSkills Kostanay-2021 облыстық чемпионаты

17 – 21 мамыр аралығында Қостанай облысында WorldSkills Kostanay-2021 облыстық чемпионаты басталады. 2015 жылдан бастап Қостанай жоғары политехникалық колледжі өңірде және республикада WorldSkills кәсіби шеберлік конкурсын дамыту мен танымал етуге белсенді қатысады. Қостанай жоғары политехникалық колледжінің базасында 7 құзыреттер бойынша заманауи және мамандандырылған жабдықтармен 7 алаң ұйымдастырылған: «Веб-дизайн», «Графикалық дизайн», «Астық және оны қайта өңдеу өнімдерінің сапасын анықтау», «Наубайхана ісі», «Кондитерлік іс», «Электромонтаждау», «Заттар интернеті».

Жыл сайын WorldSkills жұмысшы қолдарының кәсіби шеберлік конкурсына қатысушылар мен жеңімпаздар санының өсуі байқалады. Қостанай политехникалық жоғары колледжі базасында өтетін WorldSkills Kostanay-2021 кәсіби шеберліктің 7-ші өңірлік чемпионатына 40-тан астам қатысушы, 42 компатриот-сарапшы және 11 тәуелсіз сарапшы, сондай-ақ алаңның 7 менеджері қатысады. Бұл біздің сарапшыларымыздың өңірлік және ұлттық деңгейлерде конкурсқа қатысу тәжірибесіне ие болғанын, кәсіби шеберліктің жоғары деңгейіне ие болғанын, даму мен өз бетінше оқуда үнемі ізденіс үстінде екендігін көрсетеді. Бұл фактор дарынды, талантты жастарды дамытуға, білікті мамандарды, бәсекеге қабілетті түлектерді даярлауға ықпал етеді.

Барлық қатысушыларға жемісті жұмыс және WorldSkills Kostanay – 2021 кәсіби шеберлік байқауында сәттілік тілейміз!

 

Материалды директордың ОӘЖ жөніндегі орынбасары Ж.Ш. Қайпбаева дайындады


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
170 queries