- admin
- 15.11.2017
- No Comments
- Жаңалықтар
Рухани-адамгершілік тәрбиелеудің негізгі мақсаты өскелең ұрпақты отандық мәдениеттің құндылықтарына, Отанға, оның тарихи кешегіне деген ұқыпты қарауға бағыттау болып табылады.
Жан-жақты өлкетану және идеялық-адамгершілік жұмысымен мұражай жастардың азаматтық-ұлтжандылығын тәрбиелеуді қалыптастыру, ой-өрісті кеңейту ісінде жақсы көмекші.
7 қараша күні ТП-17 тобының студенттері қаламыздың екі мұражайына барды: облыстық тарихи-өлкетану мұражайы мен Ы.Алтынсарин атындағы мұражайы.
Студенттер үшін мұражай залдары бойынша өте қызықты және танымды экскурсия өткізілді. Болашақ бағдарламашылар зор қызығушылықпен экспонаттарды көріп шықты, сонымен қатар экскурсия жүргізушісіне өз сауалдарын қойып отырды. Ерекше әсер Ұлы Отан соғысының оқиғаларына арналған залы қалдырды. Ал Естелік Кітабынан кейбір студенттер өз ата-бабаларының аттарын да тауып, өз құрдастарына мақтанышпен көрсетті.
Ы.Алтынсарин мұражайы да өте қызықты өтті. Экскурсия жүргізушісі Шынар Сұлтанқызы Досмаганбетованы ерекше атап өткім келеді. Алғашқы сәттен бастап студенттерді өлкеміздің тарих әлеміне тарта отырып, менің ойымша, балалық жанның үздік ішегін оята алғандай, өткені ең шулылар да оның әр сөзін зор ынтамен тыңдады.
Студенттер мұражайдағы экскурсиядан туған өлкесінің бай тарихы жайлы біліп, зор әсер және эмоциялық қуат алды. Студенттер мұндайды күтпеген едік деп ашық айтты. Мұражайдағы экскурсиядан соң студентіміз Рустам Газизов төмендегі өлең жолдарын жазды:
Бардық бізде мұражайдың төріне
Бардық бізде Ыбырайдың еліне
Ыбырайдың заттарын көріп киелі
Келдік бізде шабыттанып жирене
Ақпаратты ТП-17 тобының кураторы А.В.Молдахаликова дайындады