- admin
- 19.05.2025
- No Comments
- Жаңалықтар
2025 жылғы 19 мамырда Қостанай политехникалық жоғары колледжінің базасында Жұмысшы кәсіптері жылы аясында ұйымдастырылған WorldSkills Kostanay – 2025 өңірлік чемпионатының салтанатты ашылуы өтті.
Іс-шара жұмысшы мамандықтарын ілгерілету және кәсіптік білім беруді дамыту мақсатында жас мамандарды, білім беру жүйесі мен серіктес кәсіпорындардың өкілдерін біріктірді.
Бірінші байқау күні аясында «Кондитерлік іс» және «Астық және оны қайта өңдеу өнімдерінің сапасын анықтау» құзыреті бойынша қатысушылар жоғары дайындық деңгейі мен кәсіби шеберліктерін көрсетті.
Колледж директоры Қаткенов Құсайын Амангелдіұлы, WorldSkills Kostanay техникалық комитетінің делегаты Жанарстанова Дина Болатқызы, сондай-ақ «Баян Сұлу» АҚ өкілі Әлмұхамедова Арай Қайырқанқызы қонақтарға құттықтау сөз сөйледі.
Ашылу салтанатында шығармашылық музыкалық номерлер көрсетілді.
Чемпионатты өткізу жұмысшы мамандықтарының жағымды имиджін қалыптастыруға және жастар арасында кәсіби құзыреттілікті дамыту үшін халықаралық тұғырнама ретінде WorldSkills қозғалысының мәртебесін нығайтуға елеулі үлес қосты.






