- admin
- 10.06.2020
- No Comments
- Жаңалықтар
Жазғы емтихан сессиясы кезінде колледж басшылығы мен Жастар ісі жөніндегі комитет «Таза сессия» атты кең ауқымды жемқорлыққа қарсы онлайн-акциясын ұйымдастырды. Акцияның негізгі мақсаты-студенттердің құқықтық санасын және белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын бұзу көріністеріне төзбеушілік. «Таза сессия» бастамашыларының басты ниеті – оқушы жастарды сыбайлас жемқорлық деген не және оның салдары қандай болуы мүмкін екенін түсіндіру.
«Таза сессия» науқаны аясында колледжде білім беру ортасындағы бейресми қарым-қатынас пен сыбайлас жемқорлықты болдырмауға бағытталған емтихандық сессияның объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жүзеге асырылды.
Ақпаратты педагог-ұйымдастырушы А.В. Пушкарева дайындады