«ТАБЫС ЖОЛЫ-2024: БІЛІМ. ҒЫЛЫМ. КӘСІП» тақырыбында халықаралық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференция

2024 жылғы 15 наурызда Қостанай жоғары политехникалық колледжінде «ТАБЫС ЖОЛЫ-2024: БІЛІМ. ҒЫЛЫМ. КӘСІП» тақырыбында халықаралық студенттік ғылыми-практикалық конференция өтеді.

11-12 наурыз аралығында конференцияға қатысушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстары іріктелуде.

Конференцияның мақсаты – ТжКББ ұйымдары студенттерінің ғылыми-зерттеу қызметінің шығармашылық бастамаларын жаңарту.

Студенттік ғылыми-практикалық конференция студенттердің шығармашылық бастамаларын қолдауға, халықаралық деңгейде ғылыми-зерттеу қызметінің тәжірибесін таратуға, студенттік ортадағы зерттеу қызметінің мәртебесін арттыруға және қолдауға, студенттердің ғылыми және шығармашылық белсенділігін дамытуға бағытталған.

Конференцияда қалалардан келген білім алушылар өздерінің шығармашылық идеяларын ұсынады:

  • Астана қ., Алматы қ., Семей қ., Балқаш қ., Риддер қ., Жамбыл қ., Жезқазған қ., Атырау қ., Ақтөбе қ., Орал қ., Көкшетау қ., Петропавл қ., Қостанай қ., Жітіқара қ., Рудный қ., Арқалық қ. (Қазақстан Республикасы);
  • Новосібір қ., Орынбор қ., Челябинск қ., Златоуст қ., Оңтүстік Орал қ., Миасс қ., Жоғарғы Орал қ. (Ресей Федерациясы);
  • Бішкек қ. (Қырғыз Республикасы).

Конференция аясында  келесі секциялар жұмысы ұйымдастырылады:

1-секция «Ұлы Даланың жан-жақтылығы: рухани жаңғыру, білім және инновация»,

2-секция «Энергетика. Болашақ технологиялар»,

3-секция «Тамақ өнеркәсібіндегі инновациялар»,

4-секция «Машина жасаудағы цифрлық технологиялар: материалтану және металл өңдеу»,

5-секция «STEM жоғары технологиялары: практикалық шешімдер»,

6-секция «Қазіргі жағдайдағы экономика, менеджмент және қаржының өзекті мәселелері».

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс.

Материалды дайындаған: Ж.Ш. Кайпбаева, директордың ОӘЖ жөніндегі орынбасары


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
178 queries