- admin
- 18.01.2018
- No Comments
- Жаңалықтар
Қостанай жоғары политехникалық колледжінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдамасы бойынша педагогикалық ұжыммен кездесу болды.
Жыл сайын Елбасы Қазақстан халқына Жолдауын жолдайды. Белгілі бір кезеңнің қорытындыларын келтіре отырып, Қазақстанның дамуы үшін барлық мақсаттарға жетуге себеп болатын жаңа міндеттерін қояды.
Талқылау Президент Жолдауының қазіргі даму кезеңінде қоғам өміріндегі рөлі жайлы әңгімелеп берді және Тәуелсіздіктің жетістіктерін бекіте отырып, Қазақстан 21 ғасырдың үшінші онжылдығында мақсатына сенімді жылжуға, яғни 30 дамыған елдер қатарына ену ниетінін атап өткен ЖІК төрағасы Беков Д.С. сөзінен басталды.
Физика оқытушысы А.П.Брагинец ҚР Президенті Жолдауының міндеттерін қолдады және Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың елімізде бейбітшілік, тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді сақтаудағы, Қазақстанның биік халықаралық мәртебесіндегі және республика экономикасын тиімді дамытудағы ерекше рөлін атап өтті.
Тарих пәнінің оқытушысы Л.Ф.Кузнецова Президент Жолдауындағы мемлекет дамуының болашақ векторын атап өтті. Жаһандық технологиялардың әлемді біріктіретін дәуірінде еліміз уақыт тынысымен жүру тиіс. Міндеттердің әрқайсысы заманауи шындықты көрсетеді. Еліміздің биік мақсаттарға жету үшін тарихи мүмкіндігі бар. Өндірісті автоматтандыру. 7-тармақ – адами капитал, білім беру саласын ғана емес, сондай-ақ еліміздің денсаулық сақтау саласын да кеңінен қамтиды. Ол «Болашаққа көзқарас: Қоғамдық сананы жаңғырту» Бағдарламалық мақаласының жалғасы болып табылады. Осындай кезекпен жоспарлау қоғамды қадаммен дамытуға себеп болады, Жолдау барлық жастағы, яғни балабақшадан бастап докторантураға дейінгі кезеңге азаматтарды қамтитын білім беру жүйесінің сұлбасын нақты белгілейді. Қоғамымыздың мұраты – тарихты, тілді, мәдениетті білетін қазақстандық болу тиіс.
Іс-шара барысында ақпараттық-экономикалық пәндерінің ЦӘК төрайымы Д.Б.Кусаинова «Сандық Қазақстан» атты мемлекеттік бағдарламасы жайлы әңгімелеп берді. Бүгінде мемлекет білім алушылардың әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті білім алатындай етіп барлық шаралар қабылдап келетінін атап өтті. Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар бойынша жаңа қызықты ойлар әзірленіп енгізілуде. Бұның барлығы экономиканың негізгі салаларын сандау, креативтік қоғамды қалыптастыру және сандық өзгерістерге қажетті жаңа инфрақұрылым құру үшін қолайлы жағдайды жасайды, бұл еңбек өнімділігінің артуына, электрондық қызметтер үлесінің өсуіне, сандық сауаттылықтың жалпы деңгейі мен тұрғындардың өмір сапасын арттыруына әкеледі.
Мемлекет және әр азаматты дамытуға, әсіресе, өз ұстанымын сақтау ғана емес, сондай-ақ бұдан да жаңа даму және табысты деңгейіне көшуге мүмкіндік беретін болашақтағы жұмысының нақты бағыттарын ұсынатын Елбасының жаңа Жолдауында белгіленген міндеттерді ҚЖПК ұжымы бірауызды қолдады.
Мақаланы тарих пәнінің оқытушысы Л.Ф.Кузнецова дайындады