- admin
- 28.10.2026
- No Comments
- Жаңалықтар
Политехникалық колледжде А-5, СИБ-3, Б-10, ПО-10, Б-8 топтарының студенттеріне арналған «Сыпайылық — сұлулықтың негізі» атты тренинг өткізілді. Іс-шараның мақсаты — қарым-қатынас мәдениетін дамыту, айналадағы адамдарға құрметпен қарауға және күнделікті жағдайларда өзара түсіністікке қол жеткізуге үйрету.Тренинг барысында студенттер сөздің, дауыс ырғағының және іс-әрекеттің адамдар арасындағы қарым-қатынасқа әсерін талқылады. Әңгімелесушіні тыңдай білуге, алғыс айтуға, өтінішті сыпайы жеткізуге және жеке шекараны сабырлы түрде білдіруге ерекше көңіл бөлінді.Практикалық бөлімде жаттығулар, рөлдік диалогтер және студенттік өмірден алынған жағдаяттарды талдау ұйымдастырылды. Қатысушылар сабақта, асханада, топтық тапсырмаларды орындау кезінде және ортақ чаттарда қарым-қатынас жасау мысалдарын қарастырды. Студенттер дөрекі сөздерді сыпайы тіркестермен алмастырып, келіспеушіліктерді шешу жолдарын талқылады.Занятие соңында қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, күнделікті өмірде қолдануға дайын сыпайы қарым-қатынас дағдысын таңдады.Тренингтің негізгі ойы — адамның ішкі сұлулығы оның өзгелерге деген қарым-қатынасынан көрінеді. Алғыс айту, әңгімелесушіге көңіл бөлу және құрметпен сөйлеу студенттік ұжымда жылы ахуал қалыптастыруға көмектеседі.
Ақпаратты дайындаған: педагог-психолог Касымова У.А
#адал_азамат





