Сынақтар мен емтихандар табыстылық көрсеткіші ретінде

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының “Қостанай жоғары политехникалық колледжі” КМҚК  бірінші, екінші, үшінші, төртінші курс студенттері үшін  сынақтар мен емтихандар басталды.

Әр семестр аяқталғаннан кейін колледж студенттері оқу жұмыс жоспарына сәйкес әртүрлі бақылау түрлері арқылы өздерінің оқу нәтижелерін растайды. Емтихандар оқу бөлімі әр топ үшін жеке құрайтын кестеге сәйкес өткізіледі.

Педагогтар студенттерге арналған жауаптарды бағалаудың нақты критерийлерін әзірлейді, олар кеңес беру кезінде білім алушыларға жеткізіледі және түсіндіріледі. Белгілі бір модуль немесе пән бойынша білім деңгейін, дағдылардың қалыптасу дәрежесін анықтау студенттің билетке жауап беру процесінде жүзеге асырылады. Сынақтар мен емтихандарда алынған бағалар оқу нәтижелерін қорытындылауға ықпал етеді.

Барлық студенттерге 2021-2022 оқу жылының екінші жартыжылдығына бақылаудың барлық түрлерін сәтті тапсыруды тілейміз.

 

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Щербакова И.А


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
164 queries