Сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша қызметкерлерді жауапкершілік туралы

7 шілдеде колледж қызметкерлерінің заң кеңесшісі Р. Мұсаиновамен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама саласындағы құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру мәселелеріне арналған кездесуі өтті.Іс-шара барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізгі ережелері қарастырылып, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың түрлері, оларды жасағаны үшін жауапкершілік шаралары, сондай-ақ жұмыскерлердің заңдылық, парасаттылық, ашықтық және қызметтік әдеп қағидаттарын сақтау жөніндегі міндеттері түсіндірілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, кәсіби қызметтегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға, мүдделер қақтығысына жол бермеуге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық нормаларын сақтауға ерекше назар аударылды. Кездесуге қатысушыларға заңнама талаптарын сақтау және сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне мүлдем төзбеушілік қағидатын ұстану бойынша әрбір қызметкердің жеке жауапкершілігінің маңыздылығы туралы ескертілді. Мұндай іс-шараларды өткізу ашықтық, сенім мен заңдылық атмосферасын нығайтуға, сондай-ақ колледжде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алудың тиімді жүйесін қалыптастыруға ықпал етеді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *