- admin
- 22.09.2026
- No Comments
- Жаңалықтар
2026 жылғы 22 қыркүйекте Қостанай политехникалық жоғары колледжінің алдағы түлектеріне арналған ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өтті. Іс-шараның мақсаты – жастардың мерзімді әскери қызметті өтеу тәртібі, оның маңыздылығы, сондай-ақ әскери қызметшілерді мемлекеттік қолдау шаралары туралы хабардарлығын арттыру.
Кездесуге Қостанай қаласы ҚІБ-ның тәрбие және идеологиялық жұмыс тобының бастығы, лейтенант Бурумбаев Адлет Еликбаевич шақырылды.
Іс-шара барысында студенттерге мерзімді әскери қызметті өтеудің артықшылықтары, әскерге шақырылушыларға қойылатын негізгі талаптар, әскери қызметті өтеу тәртібі және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әлеуметтік кепілдіктер туралы толық ақпарат берілді.
«Сарбаз 2.0» мемлекеттік бағдарламасына аса ерекше назар аударылды. Студенттерге аталған бағдарлама аясында ұсынылатын негізгі мүмкіндіктер, сондай-ақ мерзімді әскери қызметті өтегеннен кейін жастар үшін ашылатын перспективалар, соның ішінде одан әрі білім алу және кәсіби даму мүмкіндіктері түсіндірілді.
Іс-шара ашық диалог форматында өтті. Коллеждіміздің алдағы түлектері мерзімді әскери қызметке шақырылу, оны өтеу шарттары, әлеуметтік кепілдіктер, сондай-ақ одан әрі білім алу және кәсіби мансап құру мүмкіндіктеріне қатысты өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толық жауаптар алды.
Ақпаратты дайындағандар: АӘД педагог-ұйымдастырушылары
Нурканов М.К., Фатхудинов Р.Р.




