Студенттерге құқықтық тәрбие беру.

2021 жылы 4 ақпанда бірінші курс студенттерімен «Терроризмнің себептері, формалары және мазмұны» тақырыбында онлайн-әңгіме өткізілді.

Әңгіменің мақсаты студенттерге құқықтық тәрбие беру, діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу болды.

Іс-шара барысында келесі мәселелер атап өтілді: қоғамға жат мінез-құлықтың негізгі түрлері және олардың салдары, құқық бұзушы болмау үшін күнделікті өмірдегі тәртіп ережелері және террористік актілер қаупі туындаған жағдайда өзін қалай ұстау керек.

Студенттер дәрісті қызығушылықпен және ықыласпен тыңдады, қызықтыратын сұрақтарын қойды. Әңгіме қызықты, тағылымды және мейірімді жағдайда өтті.

Бұл әңгімеге Е-12 тобының студенттері, 25 адам қатысты.

 

 

Онлайн-сұхбатты жалпы білім беру пәндерінің оқытушысы Д.Б.Аспандиярова жүргізді.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
169 queries