Студенттер мен ата-аналар арасында интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы

2026 жылғы 11 маусымда Қостанай политехникалық жоғары колледжінде (КПЖК) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының 2026 жылғы 25 мамырдағы № 2-01-26-31310 хаты негізінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Аталған хатты орындау аясында студенттер мен олардың ата-аналары арасында құқықтық сауаттылықты арттыруға және интернет-алаяқтықтың алдын алуға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылды. Әсіресе, банк карталарын, жеке деректерді және реквизиттерді үшінші тұлғаларға беруге жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Көрнекі ақпараттандыру және профилактикалық жұмысты күшейту мақсатында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының бейнеролигі студенттер мен ата-аналардың барлық чаттарына кеңінен таратылды.

Барлық оқу топтары аталған бейнероликпен танысты. Қаралымға:

  • 1184 студент;
  • 900 ата-ана қатысты.

Жүргізілген жұмыс студенттер мен ата-аналардың интернет-алаяқтық тәуекелдері және олардың алдын алу шаралары туралы хабардарлығын арттыруға ықпал етті.

Аталған бағыттағы профилактикалық жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табады және күшейтіледі.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *