Жас оқытушыларға арналған  «Педагогтердің психоэмоционалды шамадан тыс шаршауы мен эмоционалды күйінуінің алдын алу»  тренингі

         2023 жылғы 26 қаңтарда жаңадаған бастаған оқытушылар  мектебінің кезекті отырысы шеңберінде  колледждің педагог-психологтары Сабанова А. Ж. және Науменко Т. В. «Педагогтердің психоэмоционалды шамадан тыс шаршауы мен эмоционалды күйінуінің алдын алу» тақырыбы бойынша тренинг өткізді.

Тренингтің мақсаты: жаңадан бастаған оқытушыларда эмоционалды күйіну синдромының алдын алу  және олардың  психикалық денсаулығын қолдау үшін жағдай жасау.

Тренингке қатысушылар қажу процесіне әсер ететін сыртқы және ішкі факторларды талқылады. Тұлғааралық қатынастарға әсер ететін, өзіне және жұмысына теріс көзқарастардың дамуына ықпал ететін, конструктивті емес мінез-құлық үлгілері мен психосоматикалық бұзылу көріністерін дамытатын эмоционалды күйінудің салдары туралы әңгімелесті. Тренинг барысында жас оқытушылар «Есімдер-Қасиеттер», «Саралау», «Мен-үйде, мен – жұмыста», «Дыбыстық гимнастика», «Кейде мен өзімді еркелетемін», «Ләззат алу», «Позитивті  аффирмациялар» сияқты жаттығуларды орындады. Бұл жаттығулардың барлығы эмоционалдық көңіл-күйлерін қалпына келтіруге және қоғамдастық сезімін дамытуға ықпал етеді, позитивті ойлауды қалыптастырады. 

Педагогтер өмірдің жарқын жақтарын көре білу, әлемде жақсылықтың бар екеніне, өз күштеріне және жақсылықтың жеңіске жететініне сену, сондай-ақ өмірдегі қиындықтарды жеңу және сырттан көмек алу мүмкіндігі адамды қажу мен күйінуден  қорғайды деген қорытындыға келді.

Материалды дайындаған: Казиева У.Ж., әдіскер


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
167 queries