«Төтенше жағдайлардағы қауіпсіздік ережелері»

Біз әрқайсымыз өз қауіпсіздігімізді ұмытпауымыз керек, кез-келген  жағдайда өзімізді және жақындарымызды қиындықтан құтқара білуіміз керек!

Осыған байланысты 2023 жылғы 27 наурызда Қостанай облысының жоғары политехникалық колледжінің базасында Қостанай облысының орта-арнайы оқу орындарының білім алушылары үшін Қостанай облысы ТЖ департаментінің өкілдері капитан В. В. Селезнев және В. А. Гороховский ZOOM платформасында “ТЖ кезінде халықты хабардар ету және мұз үстінде жүру қауіпсіздік талаптары” тақырыптары бойынша интерактивті сабақ ұйымдастырып  өткізді.

Бұл сабақтың мақсаты-қауіп төнген және төтенше жағдайлар туындаған кезде білім алушылардың іс-қимылы мен әрекетімен таныстыру болды.

ТЖ департаментінің қызметкерлері жоғарыда аталған тақырып бойынша ақпарат берді. Балалар ТЖ кезінде қауіпсіздік қағидаларының барлық ұсақ-түйектері мен қыр-сырын ескеру қаншалықты маңызды екенін кейін талқыға салды.

Қауіпсіз мінез-құлықтың негізгі ережелерін, ТЖ кезінде өзін қалай ұстау керектігін, егер олар жазатайым оқиғаның куәгерлері болса, не істеу керек екенін қайталады.

Сондай-ақ, жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында балаларға шұғыл қызметтердің нөмірлерін еске салып, ТЖ кезіндегі іс-қимыл жадынамалары таратылды.

Ақпаратты дайындаған: Фатхудинов Р.Р.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
166 queries