“Әскери қызмет, Ұлттық ұлан әскерлеріндегі қызмет”

2023 жылғы 20 қаңтарда А-1, М-10, Э-14, М-9 тобының 1-3 курс студенттері үшін, Э-13, ЭС-17, ТП-27 Қостанай қаласының № 6697 әскери бөліміне экскурсия ұйымдастырылып өткізілді.

Батальон командирінің ТӘҚЖ жөніндегі орынбасары майор Абылайысов Дәулет Қалдарбекұлы студенттермен өте қызықты және танымдық әңгіме өткізді.

Сарбаздардың әскери қызметі қалай? Әскери қызметшілердің тұрмысы неден құралады? Осы және басқа да көптеген сұрақтарға Қостанай политехникалық жоғары колледжінің студенттері толықанды жауап алды.

Жастарға сарбаздар асханасы, казармалық үй-жайлар көрсетілді, қару-жарақтың негізгі түрлері, оқ-дәрілер мен әскери қызметшілердің киім-кешектері көрсетілді. Олар сонымен қатар оқу жаттығуларына қатысты.

Экскурсияның қорытынды бөлімінде балалар кинологиялық қалашыққа барып, құқық бұзушыны іздеу және ұстау кезінде қызметтік-іздестіру иттерінің әрекеттерін көрсетті.

Балаларға мерзімді қызметтегі сарбаздардың күнделікті өмірі туралы әңгімелер қызықты болды.

Мүмкін, әскери бөлімге барғаннан кейін, балалардың бірі өзінің болашақ тағдырын әскери қызметпен байланыстыратын шығар.

Ақпаратты дайындаған: Фатхудинов Р. Р

 Нұрқанов М. К


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
165 queries