- admin
- 14.07.2022
- No Comments
- Жаңалықтар
1 – Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай жоғары политехникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, Қазақстан Республикасы, 110008, Қостанай қаласы, Қобыланды батыр даңғылы, 3-үй, телефон: 8(714-2) 56-08-81; 55-70-85; 55-98-72, e-mail: official@kpvk.edu.kz.
2 – Келесі мамандықтар бойынша мемлекеттік білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес білім алушыларды оқытуды жүзеге асыратын арнайы (жалпы білім беретін) пәндер оқытушысы:
a) мемлекеттік және орыс тілінде оқытатын «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» – 3 бірлік, бір жылға дейінгі еңбек өтілі бар 1 ставкаға – 149893 теңге;
b) мемлекеттік және орыс тілінде оқытатын «Есеп және аудит» – 0,5 бірлік, бір жылға дейінгі еңбек өтілі бар 1 ставкаға – 149893 теңге;
c) мемлекеттік тілінде оқытатын «Электрмен қамтамасыз ету (салалар бойынша)» – 1 бірлік, бір жылға дейінгі еңбек өтілі бар 1 ставкаға – 149893 теңге;
d) мемлекеттік тілде оқытатын «Элеватор, ұн тарту, жарма және құрама жем өндірісі» – 1 бірлік, бір жылға дейінгі еңбек өтілі бар 1 ставкаға – 149893 теңге;
e) «Химия» – 1 бірлік, бір жылға дейінгі еңбек өтілі бар 1 ставкаға – 149893 теңге;
f) орыс тілінде оқытатын «География» – 0,5 бірлік, бір жылға дейінгі еңбек өтілі бар 1 ставкаға – 149893 теңге;
3 – Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе жұмыс
өтіліне талап қойылмайтын тиісті бейіндер бойынша кәсіптік білім: немесе біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандық бойынша
жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін – кемінде 2 жыл; педагог-сарапшы үшін – кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін кемінде
– 4 жыл; педагог-шебер үшін – 5 жыл.
4 – Құжаттарды қабылдау мерзімі: 15.07.2022 ж. – 26.08.2022 ж.
5 – Құжаттар тізімі:
1) мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату Қағидаларының 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басты куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы және байланыс телефондары көрсетілген – бар болған жағдайда);
4) педагогтердің Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болған жағдайда);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болған жағдайда);
10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.