Startup-жоба

БОЛАШАҚҚА АРНАЛҒАН ИДЕЯЛАР

        30.11.2018 жылы «Тобол» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ ұйымдастыруымен өткен Қостанай облысының колледждері мен ЖОО студенттері арасында «Болашаққа ұмтылу» атты инновациялық жобалар байқауының қорытындылары келтірілді.

        Байқаудың негізгі мақсаты қатысушыларды ағымдағы немесе болашақ беталыстарын ескере отырып, жаңа бизнес-идеяларды, өнімдерді немесе қызметтерді әзірлеуге ынталандыру болып табылады.

      2018 жылдың 01 қарашасынан 23 қарашасына дейінгі кезеңіне облысымыздың студенттерінен 41 сұраныс түсті.

      Түскен жобалардың бағалауын құрамына мемлекеттік сектордың және өңіріміздің ЖОО өкілдері енген байқау комиссиясы жүзеге асырды.

      Жобаның жаңашылдығы, бірегейлігі, өзектілігі, жоба маңыздылығы мен жобаны іске асыру мүмкіндігі бағалаудың негізгі критерийлері болды.

      Нәтижесінде Қостанай жоғары политехникалық колледжінің 0518000 «Есеп және аудит» мамандығының студенті Динара Мусурбековна Селькова «Анатомиялық үлгілерін қолданумен мектеп жасындағы балаларды оқыту» жобасымен 1 орынға ие болды. Жобаның жетекшісі Жаннат Дусембиевна Контробаева.

Ақпаратты арнайы пәндерінің оқытушысы Жаннат Контробаева дайындады

 

«Startup Bolashak: Менің Арманым»

            2018 жылдың ақпан айында Қазақстанда орасан зор іс-шара16 жастан 35 жасқа дейін жас стартапшылары қатысуға шақырылған «Startup Bolashak: Менің Арманым» республикалық стартаптар байқауының үшінші маусымы басталды.

Байқаудың мақсаты: еліміздің әлеуметтік-экономикалық өміріне озық білімдер мен технологиялар трансферлерін, өмір сапасының стандарттарын жетілдіруге бағытталған жас кәсіпкерлердің әлеуметтік маңызды бизнес-бастамаларын қолдау.

Байқаудың міндеттері:

– жастар арасында кәсіпкерлік қызметті оңтайландыру;

– жас кәсіпкерлердің кәсіптік және жеке тұлғалық дамуына қолдау көрсету;

– қызметін бастап келе жатқан Кәсіпкерлерді тәжірибелі Тәлімгерлермен/Менторлармен қолдау;

– Стартап-жобаларды гранттық қаржыландыру;

– кәсіпкерлікті қолдау құралдарының қолжетімділігін кеңейту;

– Байқауды іске асыру бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарын Ұйымдастырушылармен іске асыру.  

           Ұйымдастырушылар – ҚР Білім және ғылым министрлігі және «Болашақ» Қауымдастығы айтқандай – бұл байқау іске асуының тарихында болайын деп тұрған ең ірі көлемді.

           Байқаудың іріктеу турлары еліміздің әр өңірінде өткізіліп, 210 сұраныс, 240 қатысушы тіркелді.

           Нәтижесінде әділқазылар мүшелері 32 жобаны мақұлдады, енді олар осы жылдың мамыр айында Астана қаласында өтетін «Startup Bolashak 3 маусым: Менің Арманым» жастар стартап-жобалар байқауының жартылай финалына қатысатын болады.

           Финалда барлық Қазақстаннан 50 жобасы инвесторларды, бизнес-періштелері мен Қазақстанның ірі венчурлық қорларының өкілдерін тек солардың жобасының қаржыландыруына тиіс екеніне сендіру қажет. Жобаның барысы «Хабар» телеарнасында реалити-шой форматында көрсетілетін болады.

   Қостанай жоғары политехникалық колледжінің студенті Аяжан Бекбаева «Эврика» физикалық және зияткерлік даму мектебі» жобасы ұсынылды, жоба жетекшісі – арнайы пәндерінің оқытушысы Жаннат Дусембиевна Контробаева. Жоба әділқазылар алқасының жоғары бағасына ие болып, келесі кезеңге өтті.

    

   Ақпаратты арнайы пәндерінің оқытушысы Жаннат Контробаева дайындады

Тұтынушылардың құқығын қорғау
163 queries