Startup Weekend Kostanay

Жастарды еңбек етуге, шешім қабылдауға және өз мойнына жауапкершілік алуға, мәселелерді анықтап алып шешуге қалай үйретуге болады? Осы сұрақтардың жауабы Қостанай облысы студенттік қауымының қатысуымен өткен Startup Weekend Kostanay іс-шарасында табылды.

Қостанай жоғары политехникалық колледжінің электршілер- студенттер командасы кәсіпкерлік қабілеттерін қазылар алқасына өз идеяларын, бизнес жобаларын ұсынумен көрсетті. Жастар өз командасын «KPVK energy » деп атады.

3 күн бойы қатысушылармен оқыту, тренингтер, шеберлік сағаттар, «Бизнес үлгісі», «Питчинг: өз идеямды қалай сатамын» атты тақырыбында білім сессиялары өткізілді. Кәсіптік кеңес берушілік қолдауды тәлімгерлер- мемлекеттік және қаланың бизнес құрылымдарының өкілдері көрсетті.

Команданың көшбасшысы Ильмира Сагадиева экономикалық есептермен айналысса, Юрий Сурушанов топтың «техникалық миы» атанды, Абдулла Туебаев презентация жасауға жауапты болса, ал Александр Гемпик Юрий Алхименкомен бірлесе қаламыздың қарапайым тұрғындарымен сауалнама өткізді. Оларға үлкен жауапкершілік артылды, өйткені зерттеудің шынайлығын фото- немесе аудиодеректермен растау қажет болды, бұл тапсырманы да жастар абыроймен атқарды. Қысқа уақыт ішінде команда өз бірлігін, зерттеулерді тез және сапалы жүргізе алу, талдай алу іскерлігін, ғаламтордан ақпаратты жылдам таба алуын көрсете отырып, өз бизнес жобасын жақсы деңгейге лайықты етіп ұсынды, ол 40 жобаның ішінен үздік ондыққа енді.

«KPVK energy» жүлдегерлердің құрамына енбегеніне қарамастан, команда жұмысы «Үздік ғылыми жоба» номинациясында аталды. Студенттерге КИнЭУ және MOST Бизнес-инкубаторы секілді ұйымдастырушылар атынан сертификаттар табысталды.

Аталған іс-шараға қатысу нәтижесінде, жастарымыз, ең басты – сәтсіздікке мойынсынбауға үйренуді түсіне алды. Өйткені әр сәтсіздік, қиындық – дұрыс шешім жасаудың жолын табу, қиын мәселелерді жену және өсім мүмкіндігі деп білеміз. Команда мүшелері бейтаныс аудитория алдында 3 минут ішінде өзінің стартап-питчін ұсынумен сөйлеу дағдыларын қалыптастырғаны да қуантарлық жайт. Startup Weekend Kostanay іс-шарасына қатысу жауапкершілік пен командада жұмыс істей алу, жобаны басқару мен жоспарлау, өз жұмысының нәтижесін көрсете алу секілді қасиеттері мен дағдыларын дамыту қажеттілігін көрсетеді. Бұл түлектеріміздің қызмет ететін кез келген саласында да пайдаға жарап қалады.

Материалды А.Сегизбаева дайындады


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
172 queries