“Әскери викторина”

2021 жылдың 08 желтоқсанында Қостанай жоғары политехникалық колледжінде 1 курс студенттері арасында “Әскери экспресс” викторинасы өткізілді.

Іс-шараның мақсаты студенттерді Отанға деген сүйіспеншілікке, оның қорғаушыларына құрметпен қарауға, Отанға қызмет етуге деген ұмтылысқа тәрбиелеу.

Аталған іс-шараға ЭС-20, ПО-2 топтарының студенттері қатысты. Іс-шараға запастағы полковник А. С. Жуков, биология пәнінің оқытушысы А. Т. Хусаинова, колледждің студенттік өзін-өзі басқару кеңесінің президенті Вискуп Артем.

Викторина бірнеше тапсырмадан тұрды: білім алушылар сұрақтарға жауап беріп, пазл мен сөздерді жинап, шифрды шешіп, кроссворд пен ребустарды шешіп, берілген адамдардың портреттерін атау керек болды.

Викторина қорытындысы бойынша бірінші орынды  ПО-2 тобының командасы алды, екінші орынды ЭС-20 тобының командасы иеленді.

Балалар АӘжәнеТД пәнін одан да жақсы біліп, Отанды қорғау әрқашан нағыз ер адамның ар-намысы болатынын түсінді.

Мақаланы дайындаған: Нұрқанов М. К.,

Фатхудинов Р.Р


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
170 queries