- admin
- 08.05.2026
- No Comments
- Жаңалықтар
2026 жылғы 8 мамырда Қостанай политехникалық жоғары колледжінде 1 курс студенттері арасында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 34 жыл және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 81 жылдығына арналған әскери-спорттық эстафета өтті.
Іс-шараның мақсаттары: қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, жасөспірімдерді ҚР Қарулы Күштерінде қызмет етуге дайындау болды.
Аталған іс-шараға ХП-27, Б-8, СИБ-1, СИБ-2, ПО-11, ПО-12, М-16, ЭС-25 топтарының студенттері қатысты.
Студенттер бірнеше кезеңнен тұратын эстафетадан жарысқа түсті: қаруды бөлшектеу және жинақтау, оқжатарды оқпен жабдықтау, газтұмылдырық кию, алғашқы медициналық көмек көрсету.
Әскери-спорттық эстафетаның қорытындысы бойынша: бірінші орынды ХП-27 тобы, екінші орынды Б-8 тобы,
үшінші орынды СИБ-1 тобы иеленді.
Ақпаратты АӘжТД педагог-ұйымдастырушылары
Нұрқанов М. Қ., Фатхудинов Р. Р. дайындады.







