“Әскери-спорттық эстафета”

2023 жылдың 19 сәуірінде Қостанай жоғары политехникалық колледжінде ҚР ҚК құрылуының 31 жылдығына және ҰОС Жеңісінің 78 жылдығына арналған 1 курс студенттері арасында әскери-спорттық эстафета өтті.

Іс-шараның мақсаты: қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, жасөспірімдерді ҚР ҚК қызметіне дайындау.

Іс-шараға кафедра меңгерушісі  дене шынықтыру пәнінің оқытушысы В.В.Шишкин, колледждің медицина қызметкері У. К. Аманжулова шақырылды.

Аталған іс-шараға СТ-6, ПО-3, ПО-4, ХП-23, Б-2, Б-3, ЭС-21, Э-14, М-10, ТЗ-28, А-1 топтарының студенттері қатысты.

Балалар эстафетада жарысты. Жарыс бірнеше кезеңнен тұрды: қаруды бөлшектеу және жинау, оқжатарды патронмен оқтау, пневматикалық қарудан ату, граната лақтыру, алғашқы медициналық көмек көрсету.

Өткізілген әскери-спорттық эстафетаның қорытындысы бойынша бірінші орынды Б-2 топ командасы, екінші орынды М-10 топ командасы, үшінші орынды Б-3, ПО-4 біріккен командасы иеленді.

Ақпаратты дайындаған: Фатхудинов Р.Р.

                                                                                                     Нұрқанов М.К.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
166 queries