“Әскери-спорттық эстафета»

2021 жылдың 19 сәуірінде Қостанай жоғары политехникалық колледжінде ҚР ҚК құрылуының 29 жылдығына және ҰОС Жеңісінің 76 жылдығына арналған 1 курс студенттері арасында әскери-спорттық эстафета өтті.

Іс-шараның мақсаты: қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, жасөспірімдерді ҚР ҚК қызметіне дайындау.

Іс-шараға колледж медицина қызметкері Мулдагалиева Айгуль Рамазановна, әскери-интернационалист Шаймуханов Сакен Сакиевич, Қостанай қаласының ҚІБ өкілі, жұмылдыру ресурстарын есепке алу және тағайындау бөлімшесінің бастығы Байтукин Самат Сакенович шақырылды.

Аталған іс-шараға Э-12,ТП-27, ТЗ-26, ХП-19, ХП-20, ТЗ-25, ТП-26, ЭС-17, ЭБ-16топ студенттері қатысты.

Студенттердің эстафета жарысы бірнеше кезеңнен тұрды: кедергі жолағынан өту, қаруды бөлшектеу және жинау, оқжатарды патрондармен жабдықтау, пневматикалық винтовкадан ату, алғашқы медициналық көмек көрсету.

Өткізілген әскери-спорттық эстафетаның қорытындысы бойынша бірінші орынды ЭС-17 тобының командасы, екінші орынды ТП-27 тобының командасы, үшінші орынды ХП-20 тобының командасы иеленді.

Мақаланы дайындаған: Фатхудинов Р. Р.

Нұрқанов М.К.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
169 queries