“Әскери-спорттық байқау”

2024 жылдың 23 сәуірінде Қостанай жоғары политехникалық колледжінде ҚР ҚК құрылуының 32 жылдығына және ҰОС Жеңісінің 79 жылдығына арналған 1 курс студенттері арасында әскери-спорттық эстафета өтті.

Іс-шараның мақсаты: қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, жасөспірімдерді ҚР ҚК қызметіне дайындау.

Аталған іс-шараға ПО-6, Б-4, ПО-5, М-11, М-12, А-2 топтарының студенттері қатысты.

Балалар эстафетада жарысты. Жарыс бірнеше кезеңнен тұрды: қаруды бөлшектеу және жинау, оқжатарды патронмен оқтау, пневматикалық қарудан ату, граната лақтыру, алғашқы медициналық көмек көрсету.

Өткізілген әскери-спорттық эстафетаның қортындысы бойынша бірінші орынды М-12 топ командасы, екінші орынды А-2 топ командасы, үшінші орынды Б-4 және ПО-6  біріккен командасы иеленді.

Ақпаратты дайындаған: Фатхудинов Р.Р.

                                                                                                     Нұрқанов М.К.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
179 queries