- admin
- 16.05.2025
- No Comments
- Жаңалықтар
2025 жылдың 13 мамырда Қостанай политехникалық жоғары колледжінің оқытушылары- Изделюева С.С., Шараккулова А.А., Брозе О.В. және Машенькин И.С. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Ұзынкөл ауданының білім бөлімінің “Ұзынкөл № 1 орта мектебі” КММ және “Ұзынкөл № 2 орта мектебі” КММ, “Меңдіқара ауданының білім бөлімінің Каменскураль жалпы білім беретін мектебі” КММ 9-сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар беру кездесуін өткізді.
Іс-шара барысында оқушыларға колледж ұсынатын мамандықтар туралы қазақ және орыс тілдерінде толық ақпарат берілді. Оқуға түсушілерге қойылатын талаптарға және оқуды бітіргеннен кейін мансаптық өсу мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды. Кездесу соңында оқушыларға қабылдау бағдарламалары мен шарттарын сипаттайтын ақпараттық буклеттер таратылды. Сонымен қатар, оларға колледждің әлеуметтік желілердегі ресми беттеріне жазылу ұсынылды, онда жаңалықтар, оқиғалар және студенттік өмір туралы ақпарат үнемі орналастырылады.





Ақпаратты дайындады: Изделюева С.С., Шараккулова А.А., Брозе О.В. және Машенькин И.С.