«Шахмардан Есеновтің өмірі мен қызметі» кітап көрмесі

Колледж кітапханасында көрнекті қазақстандық ғалым, академик, геолог және мемлекет қайраткері Шахмардан Есенұлы Есеновтің туғанына 100 жыл толуына орай «Шахмардан Есеновтің өмірі мен қызметі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Шахмардан Есенов – Қазақстан ғылымы мен геология саласының тарихында өзіндік орны бар көрнекті тұлға. Оның ғылыми және қоғамдық қызметі еліміздің минералдық-шикізат ресурстарын зерттеу мен игеруге, геология ғылымының дамуына және кәсіби мамандарды даярлауға зор үлес қосты.

Кітап көрмесінің мақсаты – студенттерді көрнекті ғалымның өмір жолымен және ғылыми қызметімен таныстыру, оның Қазақстан ғылымының дамуына қосқан үлесін көрсету, жастардың ғылымға, зерттеушілік қызметке және туған өлке тарихына деген қызығушылығын арттыру.

Көрмеге Шахмардан Есеновтің өмірі, ғылыми еңбектері мен қызметі туралы кітаптар,  қойылды.

Осындай кітап көрмелері студенттердің дүниетанымын кеңейтіп, Қазақстанның көрнекті тұлғаларымен танысуына ықпал етеді. Сонымен қатар білімнің, кәсіби біліктіліктің, еңбекқорлықтың және ел дамуына қызмет етудің маңызын түсінуге жол ашады.

Колледж кітапханасы студенттер мен оқытушыларды «Шахмардан Есеновтің өмірі мен қызметі» атты кітап көрмесіне шақырады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *