- admin
- 08.05.2026
- No Comments
- Жаңалықтар
Костанай политехникалық жоғары колледжінің спорт алаңында Жеңіс күніне арналған жасөспірімдер арасында шағын футболдан жарыс өтті.
Аталған іс-шара колледждің спорттық дәстүрлерін сақтау және жастарды спорттық жарыстарға қатыстыру арқылы патриоттық тәрбиелеуді мақсат етті.
Жарыстың мақсаты:
- колледж студенттері арасында футбол ойынын кеңінен насихаттау;
- студенттерді дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту;
- салауатты өмір салтын қалыптастыру;
- студенттер арасында командалық рух пен бірлікті дамыту;
- колледждің құрама командасын қалалық және облыстық жарыстарға дайындау.
Жарысқа колледждің 1–4 курс студенттері әртүрлі бөлімдерден қатысты. Ойындар тартысты әрі қызықты жағдайда өтіп, командалар жоғары деңгейдегі дайындықты, жеңіске деген жігер мен спорттық шеберлікті көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді: 1 орын – механика-технологиялық бөлім
2 орын – ақпараттық-экономикалық бөлім
3 орын – электротехникалық бөлім
Барлық қатысушылар жағымды әсер алып, сергектік пен спортпен шұғылдануға деген ынта алды. Мұндай іс-шаралар студенттер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтып, колледждегі спорт мәдениетінің дамуына ықпал етеді.
Ақпаратты дене шынықтыру пәнінің оқытушысы
Петрущенко В.И. дайындады.
адал_азамат
ЖеңісКүні
9Мамыр #КПВК
КПВКСтуденттері
ҚазақстанЖастары
ЖеңісҮшінСпорт**



