- admin
- 05.03.2025
- No Comments
- Жаңалықтар
Шаңғы жарысынан колледж чемпионаты
2025 жылдың 5 наурызында дене шынықтыру мұғалімдері Қостанай политехникалық жоғары колледжінің спорт алаңында 1-4 курс студенттері арасында шаңғы жарысын өткізді. Бұл іс-шараның мақсаты оқушыларды дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларына баулу, салауатты өмір салтын насихаттау, оқушыларды жарыстарға дайындау және жастарды жүйелі дене шынықтыру және спортқа баулу болды. Еркін стильде ұлдар 1000 м, ал қыздар 500 м қашықтықты бағындырды.
Нәтижесінде 16 жас санатындағы жас жігіттерге арналған орындар келесідей бөлінді:
1 орын Мариненко Дмитрий М-14 тобы 2 орын Құсманов Дархан М-13 тобы 3 орын Тұрлыбек Ернар А-3 тобы
17 жас және одан жоғары жас санатындағы жас жігіттерге:
1 орын Макалов Василий М-12 тобы 2 орын Зиборов Константин М-14 тобы 3 орын Кашталинчук Станислав М-12 тобы
16 жас санатындағы қыздарға:
1 орын Закарлюкина Анна НП-26 тобы 2 орын Мақтыбаева Дильназ СТ-7 тобы 3 орын Савельева Валентина НП-25 тобы
17 жастан асқан қыздарға:
1 орын Зиборова Марина СТ-6 тобы 2 орын Орманбекова Наргиз Б-5 тобы 3 орын Иванова Карина ПО-9 тобы
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер құрмет грамоталарымен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Барлық қатысушылар күш-қуат пен жақсы көңіл-күйге ие болды. Жарыс нағыз спорт, денсаулық және жастар мерекесіне айналды!


