- admin
- 21.02.2020
- No Comments
- Жаңалықтар
2020 жылдың 11 ақпанында Қостанай жоғары политехникалық колледжінде Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175-жылдығына және филология пәндерінің циклдік әдістемелік комиссиясы аптасының өтуіне орай «Сауатты жазу – бұл сәнді» ұранымен «Hakim Abai’g’а 175 jyl» тақырыбында латын әліпбиі бойынша жаппай диктант өтті. Мақсаты – Ұлы Абайдың әдеби мұрасын насихаттау; оқытушылардың, студенттердің латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиінде жазу дағдыларын қалыптастыру. Бұл аталған шараға колледж оқытушылары мен студенттері қатысты. Қатысушылардың арасында өзге ұлт өкілдері де болды. Латын әліпбиінде жазу қазіргі жастар үшін аса қиындық тудырмады. Өйткені көптеген жастар қазір ағылшын тілін біледі.
Жаппай диктанттың қорытындысы бойынша Сабитова Замира Жолдасбековна және Ахметжанова Динара Қосылбековна «Ең сауатты маман», ЭС-14 тобының студенті Байтаков Жалғас, ТЗ-20 тобының студенті Кожанова Мадина, ХП-17 тобының студенті Фазыл Сырым, ТЗ-24 тобының студенті Кусаинова Алина, ЭС-14 тобының студенті Узбеков Ерқанат «Латын орфографиясының білгірі» атты номиницияларға ие болды.