«Сарбаз, қызметің қалай?»

2025 жылғы 9 сәуірде 1 курс студенттері үшін Қостанай қаласының 6697 әскери бөлімінің өкілдерімен Ұлттық ұланның әскери қызметшілерімен, кездесу ұйымдастырылды.

Кездесудің мақсаты студенттерді Ұлттық Ұланның міндеттері мен қызметімен таныстыру, сондай-ақ студенттерге әскери қызметшілердің өмірі мен қызметі туралы білуге мүмкіндік беру болды.

Кездесу үшін әскери бөлімнің өкілдері взвод командирі лейтенант Нуртасов А.Ж. және қысқа мерзімді әскери қызметкер қатардағы жауынгер Баталов А.Л. шақырылды, олар балаларға Ұлттық ұланның қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі рөлі туралы айтып берді. Олар сондай-ақ осы бөлімнің әскери қызметшілері атқаратын функцияларды егжей-тегжейлі түсіндірді.

Студенттер қызметтің әртүрлі аспектілері, әскери қызметшілерді даярлау және кәсіби қызметінде кездесетін қиындықтар туралы білді. Сондай-ақ, әскери қызметшілер өз мансабындағы қиындықтар мен жетістіктер туралы айтып, қызметтегі жеке тәжірибелерімен бөлісті.

Кездесу барысында студенттер бірнеше сұрақтар қойып, оларға толық түсініктеме алды. Бұл балаларға Ұлттық ұланның рөлін жақсы түсініп қана қоймай, елдегі тәртіп пен қауіпсіздікті сақтайтындарға деген құрмет сезімін дамытуға мүмкіндік берді.

Ақпаратты АӘжТД оқытушы-ұйымдастырушылары

Нұрқанов М. Қ., Фатхудинов Р. Р. дайындады.

#Біртұтас_тәрбие


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

171 queries