“Сарбаз-2024”

2024 жылдың 29 сәуірінде Тобыл қаласындағы “Затоболец” стадионында Отан қорғаушылар күніне арналған әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша жарыстар өтті.

Іс-шараның мақсаты: қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, әскери-қолданбалы спорт түрлерін дамыту, Қостанай облысының әскери-патриоттық және әскери-спорттық клубтарының жұмысын қарау.

Аталған іс-шараға 10 әскери-патриоттық клуб, оның ішінде “Жас Сарбаз” ӘПК-ның Қостанай политехникалық жоғары колледжінің студенттері қатысты. Ережеге сәйкес, 5 адамнан тұратын команда (14-17 жас аралығындағы ұлдар) қатысты. Бұл М-12 топтарының студенттері.

Жарыс бағдарламасына мыналар кірді: визит карточкасы (команданы таныстыру), эстафета (шабуылдау қалқаны және шабуылдау шоқпарымен жүгіру, газтұмылдырығын кию, затты табу, автоматты жартылай бөлшектеу және жинау, түрлі кедергілерден өту, байланыс орнату).

Жарыс қорытындысы бойынша “Жас Сарбаз” ӘПК командасы 2 жалпы командалық орын үшін кубокпен және грамотамен, “ӘПК визит карточкасы” номинациясы бойынша 3 орын үшін медальдармен және грамотамен марапатталды.

Ақпаратты дайындаған: Фатхудинов Р. Р.

Нұрқанов М. К.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
178 queries