- admin
- 23.10.2017
- No Comments
- Жаңалықтар
Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы жыл сайын атап өтілетін Рухани келісім күнін тойлаумен үздіксіз байланысты. 1992 жылдың қазан айында Алматы қаласында өткен Алғашқы Рухани келісім конгрессін өткізуінде Елбасы, Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың рөлі баға жетпес болып саналады. Аталған конгресстің қатысушылары – көрнекті діни және қоғамдық қайраткерлер 18 қазан күнін адамдар арасында татуласуды іздеу, өзара түсінушілікті орнату және мейірімділік күні ретінде бекітуді ұсынды.
18 қазан күні Рухани келісім күніне орай Қостанай жоғары политехникалық колледжінде дін өкілдерінің, қоғамдық ұйымдарының және колледж студенттерінің қатысуымен дөңгелек үстел болып өтті.
Форумқа қатысқандар қазақ жерінде барлық әлемдік діндер өткенін және жанкештілік пен шыдамсыздықтың еш уақытта болған еместігін айтты. Қазақстанның көп ұлтты, көп конфессиялық халқына әрқашан ерекше толеранттылық тән, өзара құрметтеу және өзара қолдау көрсетудің ерекше рухты Қазақстан әлемдік жетекші діндерінің орталықтарымен тығыз байланысын ұстайды.
Шамалы тарихи экскурс жасайтын болсақ, алғашқы Дүниежүзілік рухани келісім конгресі бір ғасыр бұрын, нақты айтқанда 1893 жылы американдық Чикаго қаласында болып өтті. Жүз жылдықтан соң бұл игі бастаманы Қазақстанда толық іске асыру бұйырды. 2010 жылы Астана қаласында Рухани келісім күнінде Бүкіләлемдік рухани мәдениет форумының ашылуы болып өткенін атап кеткен жөн, онда әлемнің 70 елдерінен делегация қатысты. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев форумның қатысушылары мен қонақтарына мынадай сөздерін жолдады: «Кез келген халықтың рухани мәдениетінің негізі бейбітшілікке, келісімге және әділдікке ұмтылу. Көп ұлтты қазақстанның мәдениетіне тән рухани бастаманы нығайту – бұл мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігі».
Студенттермен және шақырылғандармен талқылау барысында діниаралық диалог қоғамдық дамуының және барлық халықтардың әл-ауқатын жақсартудың негізгі тәсілдерінің бірі болып табылатыны атап өтілді.
Осындай сияқты іс-шаралардың мақсаты – Қазақстан Республикасында ұлтаралық және діниаралық келісімді сақтау және нығайту.
Ақпаратты қоғамдық пәндерінің оқытушысы Бауыржан Булатович Байгентов дайындады