Республика күніне арналған салтанатты шара 

22 қазан Республика күніне орай «Қыран елім – Қазақстаным!» патриоттық акциясы аясында Қостанай политехникалық жоғары колледжінде салтанатты іс-шара өтті.Мереке күнінде колледждің ең үздік жеті студентін – WorldSkills Kostanay – 2022 кәсіби шеберліктер аймақтық чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі орайластырылды.Іс-шараның негізгі мақсаты – патриоттық, өз еліне деген мақтаныш сезімін, белсенді азаматтық ұстанымын тәрбиелеу.Мерекенің салтанатты бөлігінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеру рәсімі өтіп, еліміздің әнұраны шырқалып, Қазақстан Республикасының жалғыз мемлекеттік мерекесінің тарихы таныстырылды. Атаулы күн қарсаңында колледждің техникалық ұжымы арасынан өз жұмысын адал атқарып жүрген үздік қызметкерлер де аталды.Концерттік бөлімде ЖІК ұжымы мерекелік қойылым дайындады: олар Құрманғазының «Балбырауын» күйін орындады, жылы,жүрекжарды лебізімен студенттер «Республика», «Отан», «Туған жер» тақырыптарындағы Қазақстан ақындарының шығармаларын жатқа оқыды.Мерекелік концерт бағдарламасы республика жетістіктерінің шежіресімен, сонымен қатар «Мирас» би тобының, «Поющие сердца» вокалдық студиясының өнерімен сүйемелденді.Колледж оқытушылары студенттермен бірге шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Залда отаншылдық пен өз Отанына деген мақтаныш рухы билеп, мереке әрбір адамның Қазақстанның жаңа тарихына қатыстылық сезімін оятты. Мерекелік шара соңында «Менің Қазақстаным» («Сәлем, елорда, азат құссың, бұл Астана») әнін барша жиналған қауым бар ықыласпен, көтеріңкі көңіл-күймен шырқады. Іс-шараға қатысушылардың контингенті 400 адамды құрады.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
170 queries