Психобелсенді заттардың адам ағзасына әсері және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық себептері

27.01.2022 Э-12 тобында “Психобелсенді заттардың адам ағзасына әсері және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық себептері” тақырыбында әңгіме өтті.Іс-шараның мақсаты білім алушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, жастардың салауатты өмір салтына құндылық қатынасын қалыптастыру; студенттерді психобелсенді заттардың адам ағзасына әсері туралы ақпараттандыру болып табылады. Іс-шара барысында студенттер салауатты өмір салты, зиянды әдеттердің, соның ішінде есірткі заттарының ағзаға әсері туралы айтып, психобелсенді заттарды қолдану көптеген қылмыстарға, адамның физикалық және психикалық денсаулығына нұқсан келтіретінін атап өтті. Балалардың назарына ұсынылған  “Есірткіге жоқ де” бейнеролигінен кейін студенттер адам азғыруға қарсы тұру үшін қандай мінез-құлық қасиеттеріне ие болуы керектігін анықтай алды. Әңгімелесу барысында студенттер бүгінгі таңда жастардың “табыстылығы мен тиімділігі” мәдениеті көп жағдайда адамның жақсы денсаулығына, оның теріс әсерге қарсы тұру қабілетіне негізделеді, жастар спорты – зиянды әдеттерге нақты балама деген қорытындыға келді.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
166 queries