- admin
- 26.05.2026
- No Comments
- Жаңалықтар
Бүгін КПВК-да «Психоактивті заттарды қолданудың алдын алу. Консультативтік бақылау» және «Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу және суицидтік көріністерге жол бермеу» тақырыптарында дәріс өтті. Іс-шара студенттердің психикалық денсаулықты сақтаудың маңыздылығы туралы білімдерін арттыру, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру және жастар арасындағы жағымсыз әлеуметтік құбылыстардың алдын алу мақсатында ұйымдастырылды.
Дәрісті ҚОПДО психологы Бисимбаева Г.А. жүргізді. Кездесу барысында психоактивті заттарды қолданудың алдын алу, консультативтік бақылаудың маңыздылығы және психологиялық көмекке дер кезінде жүгіну мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар маман аутодеструктивті мінез-құлықтың себептері мен белгілері, эмоционалдық күйзелістердің пайда болу қауіп факторлары және суицидтік көріністердің алдын алу шаралары туралы жан-жақты түсіндірді.
Ерекше назар психологиялық тұрақтылықты дамытуға, күйзелісті жағдайларды жеңе білу дағдыларына және эмоционалдық саулықты сақтауға аударылды. Студенттер талқылауға белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пайдалы ұсыныстар алды.
Іс-шараға М-15, ПО-12 және Б-9 топтары қатысып, жалпы саны 75 студент қамтылды.
Осындай іс-шараларды өткізу қауіпсіз әрі қолдаушы білім беру ортасын қалыптастыруға, өмір мен денсаулық құндылықтарын нығайтуға және жастардың өз болашағына жауапкершілікпен қарауына ықпал етеді.





