«Поэзия тұла бойымда жанданды… »

Оқу залында ақынмен кездесу – үнемі мереке. Оқырмандардың көңілінен шыққан туындыларымен ақынмен кездесу – бұл еке есе мереке деп санаса да болады, себебі осындай әсерлер өмір бойы есте сақталады.

12 наурыз күні филологиялық пәндерінің ЦӘК апталығы аясында 1 және 2 курс студенттерінің ақын Татьяна Сергеевна Ковальскаямен кездесу болып өтті. Татьяна Ковальская – «СҚӘҚ» ҚБ (Солтүстік Қазақстанның әдебиетшілер қауымдастығы) президиумның мүшесі, «Крылья» жастар әдебиеттік бірлестігінің жетекшісі, бес өлеңдер жинағының авторы, Қостанай облысының екі мәрте ең үздік ақыны, «Коштенко» және «Гран-при Лигасы» халықаралық ақындық байқауларының жеңімпазы.

Татьяна Сергеевна «СҚӘҚ» ҚБ 2012 жылы «Ковчег» өңірлік әдебиетшілер бірлестігі базасында атақты ақын Владимир Растегинмен ұйымдастырылғаны туралы айтты. Қауымдастықта өзінің баспа органы – «Берега» облыстық әдеби-көркем журналы бар, оған 2017 жылы 20 жыл толды. Қауымдастық барлық жастағы ақындар мен прозашылар үшін облыстық, өңірлік және халықаралық әдеби байқауының тұрақты құрылтайшылары болып табылады. СҚӘҚ базасында жастар қанаты – «Крылья» бірлестігі бар. Өңірлер бойынша «Рудненский Меридиан», «Поэтическое Заречье» атты филиалдары бар.

Студенттер сұрақтар да қоя білді… Жастарымызды барлығы қызықтырды: туған жері, оқыған оқу орны, балалық шақтағы сүйікті кітабы, жазушылық қабілеттерінен басқа қандай таланттары бар екені, өз кітаптарын қашан басып шығарғаны, адамдардың қандай мінез-құлқын бағалайтынын, сүйікті ақыны, қандай премияны күтпеген жағдайда алғанын және қайсысы ең қымбат екені және тағы да басқа мәселелер.

Осы тамаша кездесудің соңында Татьяна Сергеевна кітапханамызға сыйлық ретінде «Красная планета» атты өзінің соңғы жинағын ұсынды.

Ақпаратты филологиялық пәндерінің оқытушысы С.К.Амантаева дайындады


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
171 queries