«Отбасы және колледж: тиімді өзара іс-қимыл жолдары»

        08 ақпан күні Қостанай политехникалық жоғары колледж түлектері 3-4 курс білім алушылардың ата-аналарына арналған “Отбасы және колледж: тиімді өзара іс-қимыл жолдары” тақырыбында онлайн ата-аналар жиналысы өткізілді.

         Оқу процесі: колледж және білім алушы; ата-ана және білім алушы; колледж және ата-ана арасындағы  өзара әрекеттесуден құралады. Оқу процесінде отбасының тікелей рөлі оның мүшелерінің дамуының мәдени, моральдық және интеллектуалдық деңгейіне тікелей пропорционалды және бұл көрсеткіш неғұрлым жоғары болса, оқыту процесі үшін климат соғұрлым қолайлы болады және керісінше төмендейді.

         Іс-шараның мақсаты: ата-аналарды (заңды өкілдерді) сұрақтар бойынша ақпараттандыру болып табылады

  1. Бітіруші топтарда алдағы қорытынды аттестаттау туралы,

Ж.Е. Балгужинова -технологиялық бөлім меңгерушісі

 

  1. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары, Л.Ф.Шакирова -арнайы пәндер оқытушысы

 

  1. Түлектерді жұмысқа орналастыру, Ю.В.-Матвиенко практика меңгерушісі
  2. Әр түрлі (ата-аналардың сұрақтарына жауаптар).

1 сұрақ бойынша Бітіруші топтарда алдағы қорытынды аттестаттау туралы,  Ж.Е. Балгужинова, – технологиялық бөлім меңгерушісі, ата-аналарды дипломдық жұмыстарды (жобаларды) қорғау ережесімен таныстырып, санитарлық – эпидемиологиялық нормаларды сақтау туралы еске салды;

2 сұрақ бойынша Л.Ф. Шакирова  арнайы пәндер оқытушысы, Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары жайлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін, білім алушылардың ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы, елде және колледжде жүргізілетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттарын таныстыру мақсатымен  баяндады.

3 сұрақта Түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша Ю.В.-Матвиенко практика меңгерушісі Жұмыспен қамту оқу нәтижелерінің маңызды факторы екенін атай келе, қазіргі уақытта кәсіпорындар кадрлық жетіспеушілікті бастан кешіруде және біздің колледждің мамандарын жұмысқа қабылдауға дайын екендігін айтты.

 

 

Ақпаратты әзірлеген – Ж.Е. Балгужинова технологиялық бөлім меңгерушісі


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
166 queries