Отандық педагогикалық ғылым күні. «Оқу тобы кураторының шеберлігі – оқушы жастардың кәсіби даярлығы мен әлеуметтік прогресінің кепілі» 26.10.2020 ж. № 2 тақырыптық педагогикалық кеңесі

Үстіміздегі жылдың  26-қазанында № 2 педагогикалық кеңестің отырысы  онлайн режимінде өтті, күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

  1. 08.2020 ж. № 1 педагогикалық кеңестің шешімдерін орындау туралы. Баяндамашы Кайпбаева Жулдыз Шамильевна, директордың ОӘЖ жөніндегі орынбасары.
  2. Иоган Генрих Песталоцци (1746 – 1827) – жаратылыстану принципіне негізделген білім алушыларды оқыту мен адамгершілік тәрбиесінің прогрессивті теориясын ұсынған швейцариялық ұлы гуманист – педагог. Баяндамашы Байбулатова Айгуль Жакеновна, ағылшын тілі оқытушысы.
  3. Қабылдау  комиссиясы  жұмысының қорытындысы туралы. Баяндамашы  Ибраева Сандугаш Жиентаевна, қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы.
  4. Кураторлық институт: оқу тобы кураторының тәрбие жұмысының негізгі критерийлері мен көрсеткіштері. Баяндамашы Дюсекеева Людмила Кабдулаевна, директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары.
  5. Оқу тобы  дамуының психологиялық аспектілері. Баяндамашы Темирбек Айгерим Болатовна, педагог-психолог.
  6. Оқу тобы кураторларының тәрбие жұмысындағы белсенді  формалар  мен әдістерді  қолдануы. Баяндамашы Контробаева Жаннат Дуйсембиевна, кураторлар ӘБ төрағасы.
  7. Жаңа қабылданған студенттерінің бейімделуінің бірінші кезеңі, қашықтықтан оқыту жағдайында проблемалар мен оларды шешудің негізгі жолдары туралы. Баяндаушылар: Темирбек Айгерим Болатовна, педагог-психолог, Тажитаева Айнур Сагидуллаевна, әлеуметтік педагог.
  8. Әлеуметтік қауіпті жағдайдағы отбасылардан шыққан студенттерді әлеуметтік-педагогикалық қолдау туралы. Баяндамашы Тажитаева Айнур Сагидуллаевна, әлеуметтік педагог.

Баяндамашылардың  тезистерімен таныстыру мақсатында баяндама  материалдары  зерделеу мен танысу  үшін ұсынылды. Педагогикалық кеңестің қорытындысы бойынша шешім жобасы ұсынылды, ол толықтырылып, бірауыздан қабылданды.

Үстіміздегі жылдың  26-қазанында  № 2 педагогикалық кеңестің шешімі қоса беріліп отыр.

 

 

Материалды директордың  ОӘЖ жөніндегі орынбасары Ж.Ш. Қайпбаева дайындады.

 

Повестка Педаг. совета №2 от 26.10.2020
[gview file=”https://kpvk.edu.kz/wp-content/uploads/2020/10/Povestka-Pedag.-soveta-2-ot-26.10.2020.pdf”]
Решение педаг совета №2 от 26.10.2020
[gview file=”https://kpvk.edu.kz/wp-content/uploads/2020/10/Reshenie-pedag-soveta-2-ot-26.10.2020.pdf”] 


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
173 queries