Оқушылармен кәсіптік бағдар беру жұмысы

2023 жылдың 10 сәуірінде Қостанай жоғары политехникалық колледжінің оқытушылары Б.Б. Байгентов, А.К. Сейткалиева, В.И. Моргун, С.А. Назаренко Меңдіқара ауданының мектептерінде (А.Шотаев атындағы ЖБМ, М.Жұмабаев атындағы ЖБМ, Первомай ЖБМ, Степанов ЖБМ, Михайлов ЖБМ, Каменскорал ЖБМ). кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді.

Кездесуге мектеп бітіруші сынып оқушылары қатысты. Оқушыларға Қостанай жоғары политехникалық колледжі, оның бөлімдері, оқыту жүргізілетін мамандықтар туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ, оқушылар колледжді бітіргеннен кейін бакалавриатта одан әрі оқу мүмкіндігімен танысты.

Кездесу таныстырылым мен бейнероликтермен сүйемелденді. Оқушылардың кредиттік оқыту технологиясының принциптері, ақылы бөлімде төлем жасау тәртібі, бюджеттік оқыту мүмкіндіктері туралы сұрақтарына жауаптар берілді.

Ақпаратты Б.Б. Байгентов, В. И. Моргун дайындады.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
189 queries