Құндылықтар Конституциясы: «Заң мен тәртіп» қағидатынан «Таза Қазақстан» бастамасына дейін

Қостанай жоғары политехникалық колледжінде «Қазақстан Республикасының Конституциясы: Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» тақырыбында интерактивті кураторлық сағат өтті. Іс-шара ашық диалог форматында топтық жоба элементтерімен және практикалық кейстерді шешумен ұйымдастырылып, студенттер мен куратордың басын қосып, қазіргі қоғамның ең маңызды құндылықтарын талқылауға мүмкіндік берді.

Кездесу барысында білім алушылар Елдің Ата Заңының негізгі баптарын және олардың «Адал азамат», «Заң мен тәртіп», «Таза Қазақстан» және «Зерделі ұлт» сияқты мемлекеттік бағдарлармен тікелей байланысын талдады. Нақты мысалдар негізінде студенттер ҚР Конституциясының 18 және 34-баптарында бекітілген виртуалды кеңістіктегі цифрлық этика нормалары мен жеке деректерді қорғау мәселелерін талқылады. Жағдаяттық тапсырмаларды талдау арқылы қатысушылар академиялық адалдық, өзгелердің еңбегін құрметтеу және колледж мүлкіне ұқыпты қарау «Адал азамат» тұжырымдамасының тікелей көрінісі болып табылатыны туралы қорытындыға келді. «Таза Қазақстан» бастамасы мен ҚР Конституциясының 38-бабы аясында экологиялық жауапкершілікке және қарапайым тұрмыстық әдеттерге ерекше назар аударылды, ал «Зерделі ұлт» тұжырымдамасын талқылау студенттерді мәдени мұраны сақтаудағы оқу мәдениеті мен сараптамалық ойлаудың рөлін ұғынуға жетеледі.

Кураторлық сағаттың практикалық қорытындысы топтық жұмыс болды, онда студенттер Цифрлық этика кодексінің жобасын, экологиялық чек-листті және Адал студент манифесін әзірледі. Іс-шара соңында әрбір қатысушы «Бір қадам» акциясына қосылып, ортақ стендте туған колледж қабырғасында тәртіпті, тазалықты және тыныштықты нығайту бойынша өзінің жеке міндеттемесін қалдырды.

Дюсекеева Л.К., ТЖЖ жөніндегі директордың орынбасары

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *