Өндіріспен танысу

26 қазан күні 3СТ-3 тобының студенттері бидай дақылдарын қайта өңдеу бойынша ұн тарту кешені жетекші кәсіпорындарының бірі – тәулігіне 700 тонна көлемінде жоғары сапалы ұн өндірушісі болып табылатын «Pioneer – Luxs» ЖШС-не барды.

Студенттерімізді меңгеруші Бахыткүл Искендирова және колледждің түлектері, зертхана қызметкерлері Сәуле Ищанова және Салтанат Ахметова қарсы алды.

 Зертхана меңгерушісі студенттермен өндіріс орнында экскурсия жүргізе отырып, астықтың түсуінен дайын өнім шығаруына дейінгі технологиялық үрдісін; ұн тарту және зертханалық құрал-жабдықтарының жұмысын көрсетті.

Барлық сауалдарына студенттер мамандардан кәсіби тұрғыдан жауаптар алды.

Студенттер өнім сапасын анықтау бойынша маманның маңызды рөлін бағалады.

 

 Дайындаған: Г.Маканова, М.Ахмадиева


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
171 queries