«Наубайхана шеберлігі» құзыреттілігі бойынша арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері арасында Облыстық кәсіби шеберлік конкурсы  

2024 жылғы 9 ақпанда Қостанай  жоғары политехникалық колледжінде Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әдістемелік орталығы» КММ қолдауымен «Наубайхана шеберлігі» құзыреттілігі бойынша арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері арасында Облыстық кәсіби шеберлік конкурсының 1 кезеңі өтеді.  

Конкурстың мақсаты – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру педагогтерінің кәсіби шеберлігін және заманауи стандарттарға сәйкес мамандарды кәсіби даярлау сапасын арттыру.

         Конкурстың міндеттері:

– педагогтердің өзін-өзі тануына және кәсіби шеберлігінің өсуіне ықпал ету;

– табысты педагогикалық тәжірибені тарату және педагогтардың қоғамдық танылу қажеттілігін қанағаттандыру;

– кәсіби педагогикалық кеңістікті кеңейту үшін жағдай жасау;

– ТжКББ педагогтарының білімін жалпылау және тәжірибе алмасу.

Конкурсқа Қостанай облысының ТжКББ білім беру ұйымдарының 13 педагогы қатысады, олар сондай-ақ «Наубайхана шеберлігі» құзыреттілігі бойынша WorldSkills Kostanay кәсіби шеберлік конкурсында сарапшы-компатриоттар болып табылады:

ТАӘЖұмыс орныЛауазымы
 Аксёнова Светлана Викторовна«Қостанай ауылшаруашылығы колледжі» КМҚКӨндірістік оқыту шебері, педагог-модератор
 Алиева Гульмира Аманжоловна«Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжі» КМҚКАрнайы пәндер оқытушысы, педагог санаты
 Алпыспаева Наталья Михайловна«Қарасу ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚКӨндірістік оқыту шебері, педагог-сарапшы
 Горбатенко Татьяна Михайловна«Рудный технология және қызмет көрсету колледжі» КМҚКӨндірістік оқыту шебері, бірінші санат
 Дәуіт Ару Майрамбековна«Қостанай жоғары политехникалық колледжі» КМҚКАрнайы пәндер оқытушысы, педагог-модератор
 Загороднюк Ольга Анатольевна«Қостанай ауылшаруашылығы колледжі» КМҚКӨндірістік оқыту шебері, екінші санат
 Карлышева Юлия Сергеевна«Қазақстан агротехникалық колледжі» КМҚКӨндірістік оқыту шебері
 Кенжибаева Мадина Армановна«Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжі» КМҚКАрнайы пәндер оқытушысы, педагог санаты
 Кумарова Гульбану Еркиновна«Қостанай жоғары политехникалық колледжі» КМҚКАрнайы пәндер оқытушысы, екінші санат
 Петрошенко Александра Николаевна«Қарасу ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚКАрнайы пәндер оқытушысы
 Рядинская Ирина Анатольевна«Қостанай жоғары политехникалық колледжі» КМҚКАрнайы пәндер оқытушысы, педагог-зерттеуші
 Савина Ольга Игоревна«Қостанай тұрмыстық қызмет көрсету колледжі» КМҚКӨндірістік оқыту шебері, екінші санат
 Умарова Сауле Амангельдиновна«Қарасу ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚКӨндірістік оқыту шебері, педагог-модератор

Байқаудың бірінші кезеңінде педагогтар прокторинг рәсімімен онлайн-тестілеуден өтеді.

5 сәуірде екінші кезеңге тестілеуде ең көп балл жинаған 5 қатысушы қатысады. Екінші кезеңде қатысушылар ең үздік кәсіби портфолио шеберлігінде, нан-тоқаш өнімдерін дайындауда жарысады – ұйытқымен жасалған қара бидай наны, пикантты тағам, қатпарлы өнімдер (түрлі-түсті круассандар).

Кәсіби шеберлік байқауының барлық қатысушыларына шабыт, шығармашылық идеялар мен сәттілік тілейміз!

Материалды директордың ОӘЖ жөніндегі орынбасары Ж.Ш. Кайпбаева дайындады.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
191 queries